< барлық жаңалықтарға оралу

Хабаровскті айналып өтетін бірінші жылдамдықты трасса бойымен қозғалыс басталды

02 August 2022

Хабаровск өлкесінде Қиыр Шығыстағы «Хабаровск қаласын айналып өту» бірінші жылдамдықты трассамен автомобиль қозғалысының ашылу рәсімі өтті.

Жобаны Ресейлік «ВИС» Тобы инфрақұрылымдық холдингі жүзеге асырады. GREEN құрылыс салушының құрылыс бақылаушысы және Концеденттің және қаржыландырушы ұйымның техникалық сарапшысы функцияларын орындады.

«Хабаровскті  айналып өту» ­- бұл 27 шақырымнан астам заманауи жол төсемі, 3 көпір және 21 өтпежолы, 5 көлік жол айрығы. Құрылған көлік инфрақұрылымының жалпы ұзындығы – 52 шақырымнан астам. Жоба бүкіл Қиыр Шығыс федералды округі үшін стратегиялық маңызды болып табылады. Жаңа көлік күре жолы жол желісінің өткізу қабілетін сағатына 2000 автомобильге арттырады, Чита-Владивосток бағытындағы бірыңғай логистикалық дәліз құруға ықпал ететін болады.

Жоба концессия форматында жүзеге асырылады, инвестор ретінде “ВИС” Тобы қатысса, қаржылық серіктесі — Газпромбанк болып табылады.

02 August 2022
Close menu
Спасибо, ваше сообщение отправлено.
Мы ответим вам в течения дня.
Close menu
Произошла ошибка